Іс-шаралар » Страница 43 » "Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
«Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727638) 5-4-13
Есепші бөлімі:
+7(727638) 5-40-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
Коронавирустың алдын алу
04
наурыз
2020
Коронавирустың алдын алу
Әлия Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектебінде "Коронавирустың алдын-алу" бойынша мектеп медағасы С.Хасенов 1-11 сыныптар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
1 наурыз "Алғыс айту" күні
28
ақпан
2020
1 наурыз "Алғыс айту" күні
Әлия Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектебінде  2020 жылдың 28 ақпан күні  1 наурыз  "Алғыс айту" күніне орай  "Алғыс айту -асыл қасиет" атты  әдеби кеш өтті. Мектеп оқушылары білім мен тәрбие беріп жүрген аяулы ұстаздарына алғыстарын білдіріп, еңбектеріне шығармашылық табыс тіледі.
Ауған соғысына 31 жыл
18
ақпан
2020
Ауған соғысына 31 жыл
Әлия Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектебінде «Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында мектепте «Ауғанстан ақиқаты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Кездесу кешіне ауған соғысына қатысқан жауынгерлер Көкеев Мұхтар Асқарұлы мен Жансейітов Әсет Тұрғанұлы шақырылды. Ерлердің ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып,жастарды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеуді мақсат тұтқан отырыста тәрбиелік мәні зор
"Құқықбұзушылық қайдан шығады?"
07
ақпан
2020
"Құқықбұзушылық қайдан шығады?"
2020 жылдың 7 ақпан күні Әлия Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектебінде  мектеп психологы Г.Жауғашева мен мектеп инспекторы Қ.Р. Адашевтің ұйымдастыруымен  8-11 сыныптар арасында  "Құқықбұзушылық қайдан шығады?" атты  психопрофилактикалық  жұмыстар жүргізілді. Профилактикалық жұмыстың мақсаты: оқушылар арасындағы келіспеушілік,әлімжеттік, құқық бұзушылық мәселелерінің алдын алу.
Мобильді кітапхана
05
ақпан
2020
Мобильді кітапхана
Әлия Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектебінде заман талабына сай "Оқуға міндетті 100 кітап" жобасы аясында мобильді кітапхана іске қосылды. Оқушыларға мобильді кітапхана арқылы ертегілер, әңгімелер, поэзия, классикалық шығармаларды QR-код арқылы күнделікті білімдерін жетілдірулеріне мол мүмкіндік жасалынды.
Қауіпсіз мектеп автобусы акциясы
04
ақпан
2020
Қауіпсіз мектеп автобусы акциясы
Әлия Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектебінде 15 қаңтар-15 ақпан аралығында "Қауіпсіз мектеп автобусы" акциясы аясында іс-шаралар ұйымдастырылып, 5-8 сыныптар арасында флешмоб, 1-4 сыныптар арасында сурет байқауы өтті. Оқушыларға жол қауіпсіздігі туралы мағлұматтар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
"Адалдық сағаттары" акциясы
24
қаңтар
2020
"Адалдық сағаттары" акциясы
2020 жылдың 24 қаңтар күні Әлия Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектебінде жалпыреспубликалық "Адалдық сағаттары" акциясы өтті.   Акцияның негізгі мақсаты: жастар арасында парасаттылық,әділдік, шынайылылық ұғымдарын трендке айналдыру, жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.
«Ұлы ақын, ұмытылмас мәңгілік, ұлы тұлға кеудеде өшпей тұрар жаңғырып!»
24
қаңтар
2020
«Ұлы ақын, ұмытылмас мәңгілік, ұлы тұлға кеудеде өшпей тұрар
2020 жылдың  24 қаңтар күні Әлия Молдағұлова атындағы  шағын орталықты орта мектебінде А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай  3-сынып оқушыларымен «Ұлы ақын, ұмытылмас мәңгілік, ұлы тұлға кеудеде өшпей тұрар жаңғырып!» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. 
«Әкем,шешем және мен» отбасылық сайыс
24
қаңтар
2020
«Әкем,шешем және мен» отбасылық сайыс
2020 жылдың 24 қаңтар күні Әлия Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектебінде 4 сынып жетекшісі К.Нұрмағанбетованың ұйымдастыруымен «Әкем,шешем және мен» тақырыбында отбасылық сайыс өтті. 
МЕН OFFLINE
22
қаңтар
2020
МЕН OFFLINE
2020 жылдың 22 қаңтар күні Әлия Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектебінде 1-4 сыныптар арасында "Мен күнімді интернетсіз қалай өткіздім" тақырыбында сурет байқауы, 5-8 сыныптар арасында "МЕН OFFLINE" тақырыбында эссе байқауы өткізілді.