Қарттарымызға қамқорлық жасайық!
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде 1 қазан Қарттар күніне орай директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш. Илкибаева және 8 сынып оқушылары ауылымыздағы Исахан ата мен Бибінұр апамыздың отбасына барып, үй шаруасына көмектесіп, ауласын тазалап, отын аралап қолқабыс етті. Ауыл қариялары балаларға ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын берді. Қарттарымыз аман, аспанымыз ашық болсын!