Іс-шаралар » Страница 24 » "Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
«Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727638) 5-4-13
Есепші бөлімі:
+7(727638) 5-40-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолындағы»  Қазақстан  халқына жолдауы
18
наурыз
2022
«Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолындағы» Қазақстан халқына
Әлия Молдағұлова  атындағы  орта  мектебінің басшысы Бабасова Қалдыкүл Мұхтарханқызы  мектеп ұжымын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 16 наурыздағы  «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолындағы»  Қазақстан  халқына жолдауымен таныстырып, жолдаудың негізі  бағыттарын  түсіндіріп,  мектеп ұжымымен бірге  талқылады.  
«Наурыз – думан» тақырыбында сурет байқауы
17
наурыз
2022
«Наурыз – думан» тақырыбында сурет байқауы
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде  мектепішілік жоспарға сәйкес, 22 наурыз мерекесіне орай 5 - 7 сыныптар арасында   оқушылардың санасына халқына деген мақтаныш сезімін ұялату,  өнерін,  мәдениетін  қастерлеуге тәрбиелеу   мақсатында  «Наурыз – думан» тақырыбында сурет байқауы өткізіліп,жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Құттықтаймыз!!
«Әр отбасынан бір ағаш» челленджі
10
наурыз
2022
«Әр отбасынан бір ағаш» челленджі
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде жаппай ағаш отырғызу және елді мекендер мен аулалардың аумақтарын тазарту бойынша «Таза табиғат» республикалық акциясы аясында «Әр отбасынан бір ағаш» челленджі ұйымдастырылып,өткізілді. #Табиғаттықорғаймыз!                            
«Анашым,дархан даласың» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы
05
наурыз
2022
«Анашым,дархан даласың» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай оқушылардың бойында әлемдегі асыл ананы сыйлауға,мейірімділікке,ана еңбегін қадірлей білуге тәрбиелеу  мақсатында «Анашым,дархан даласың» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы  өткізіліп, жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Құттықтаймыз!!
«Аналар ешқашан қартаймайды»
05
наурыз
2022
«Аналар ешқашан қартаймайды»
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай оқушылардың бойында әлемдегі асыл ананы сыйлауға,адамгершілік сезімін ұялатуға,әсемдікті сүюге тәрбиелеу мақсатында «Аналар ешқашан қартаймайды» тақырыбында 1 – 11 сыныптар аралығында сынып сағаттары өткізілді. Аналар мерекесі құтты болсын!
«Аналар асыл жандар» тақырыбында  мерекелік кеш
04
наурыз
2022
«Аналар асыл жандар» тақырыбында мерекелік кеш
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай тәрбие орталығы «Аналар асыл жандар» тақырыбында  мерекелік кеш өткізді. Мерекеге ардагер ұстаздар қонаққа шақырылды. Кеш соңында мектеп директоры Қ.М.Бабасова барлық әйелдер қауымын шын жүректен мерекемен құттықтап,ұстаздар мен кіші қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттап,ізгі тілегін білдірді.
«Алғыс айту азаматтың асыл қасиеті» тақырыбында  мерекелік кеш
01
наурыз
2022
«Алғыс айту азаматтың асыл қасиеті» тақырыбында мерекелік кеш
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде 1 наурыз Алғыс айту күніне орай балалардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға,сыпайылық пен сыйластық қадірін түсініп,сақтай білуге тәрбиелеу мақсатында «Алғыс айту азаматтың асыл қасиеті» тақырыбында  мерекелік кеш өткізілді. Алғыс айту күні құтты болсын!
«Алғыс білдіру – ең асыл сөз!»
01
наурыз
2022
«Алғыс білдіру – ең асыл сөз!»
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде мектепішілік жоспарға сәйкес 1 наурыз Алғыс айту күніне орай оқушылардың отбасына,ата-аналарына,үлкен –кішіге деген сүйіспеншіліктерін,ризалық,рахмет,алғыс айту,сыпайылық қарым – қатынастарын дамыту мақсатында «Алғыс білдіру – ең асыл сөз!» тақырыбында  1 – 11 сыныптар арасында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді.
«Ақмаңдайлымды әуелеткен Роза Бағланова»
18
ақпан
2022
«Ақмаңдайлымды әуелеткен Роза Бағланова»
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде 18 ақпан күні Қазақ халқының әншісі Р.Бағланованың  100 жылдығына орай  өмірімен,шығармашылығымен таныстыру,музыкалық білімдерін жетілдіру, апамыздың соғыс кезіндегі ерлермен бірге қиындықты көрсе де,әнімен көңілдерін жұбатқан қазақтың бұлбұл әншісін ұрпақтан-ұрпаққа паш ету  мақсатында «Ақмаңдайлымды әуелеткен Роза Бағланова» тақырыбында  2- 9 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.
«Көк аспанды бағындырған батыр»
17
ақпан
2022
«Көк аспанды бағындырған батыр»
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде 17 ақпан күні Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет алған ұшқыш жауынгер, Халық қаһарманы Талғат Бигелдиновтың ерлік істері туралы әңгімелей отырып, өмір жолын, ерлігін таныту,елін, жерін қорғаған батырларды құрметтеуге және олардың ерлігін мақтаныш етуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында «Көк аспанды бағындырған батыр» тақырыбында 2- 10 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.