Іс-шаралар » Страница 14 » "Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
«Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727638) 5-4-13
Есепші бөлімі:
+7(727638) 5-40-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Шеберлік шыңына шыққан дара тұлға», «Ш.Ниязбеков – 85 жаста»
05
сәуір
2023
«Шеберлік шыңына шыққан дара тұлға», «Ш.Ниязбеков – 85 жаста»
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде оқушыларға Ту – мемлекеттің егемендік пен біртұтастықты білдіретін басты  рәміздерінің бірі екенін түсіндіру,тарихына деген қызығушылықтарын ояту,патриоттық сезімге тәрбиелеу мақсатында Мемлекеттік Тудың авторы Ш.Ниязбековтың туылғанына 85 жыл толуына орай  1 – 10 сыныптар арасында «Шеберлік шыңына шыққан дара тұлға», «Ш.Ниязбеков – 85 жаста» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Ш.Ниязбековтың туылғанына 85 жыл. Көрме
30
наурыз
2023
Ш.Ниязбековтың туылғанына 85 жыл. Көрме
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің кітапханасында  оқушылардың рәміздер тарихына деген қызығушылықтарын ояту,патриоттық сезімге тәрбиелеу,халқымыздың тарихи өткені мен дәстүрлерін құрметтеуге баулу мақсатында Мемлекеттік Тудың авторы Ш.Ниязбековтың туылғанына 85 жыл толуына орай көрме ұйымдастырылды.
" ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындық" тақырыбында тренинг
29
наурыз
2023
" ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындық" тақырыбында тренинг
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің психологы Жауғашева Гауһар Тасболатқызы 11-сынып оқушыларға өз өмірінің субьектісі екеніне көз жеткізуге көмек көрсету. ҰБТ-ны тапсыру кезінде барынша толық өз мүмкіндігін іске асыру. ҰБТ-ға дайындық кезінде белгілі бір қиындықта, түлектерге жағымды психоэмоцианалды күйіне жетуге тиімді жағдай тудыру мақсатында " ҰБТ-ге психологиялық тұрғыда дайындық" тақырыбында тренинг өткізді.
«Таза табиғат» республикалық акциясы
16
наурыз
2023
«Таза табиғат» республикалық акциясы
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде 22 Наурыз мерекесіне орай оқушыларға қоршаған ортаға ұқыпты қарауға,еңбекке баулуға,мектеп ауласын көркейту,көгалдандыру мақсатында мектеп аулаларын тазарту бойынша  «Таза табиғат» республикалық акциясы ұйымдастырылып,өткізілді. #Табиғаттықорғаймыз!
«Бір тал кессең,он тал ек»
15
наурыз
2023
«Бір тал кессең,он тал ек»
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде 22 Наурыз мерекесіне орай 16 наурыз күні оқушыларға жақсы үлгі көрсету,қоршаған ортаға ұқыпты қарауға,еңбекке баулуға,мектеп ауласын көркейту,көгалдандыру мақсатында  «Жасыл үй» челленджі бойынша «Бір тал кессең,он тал ек» қағидасын ұстана отырып мектеп ұстаздары мен оқушылары 1 түп шырша мен 20 түп гүл ағаштарын отырғызды.
«Бауырсақ пати - 2023»  байқауы
15
наурыз
2023
«Бауырсақ пати - 2023» байқауы
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде 15 наурыз күні  ұлттық дәстүрімізді, қонақжайлық пен мейірімділікті дәріптеу,ыстық бауырсақ арқылы ыстық ықылас,жылы лебіздерін сезіндіру мақсатында 1 – 10 сыныптар   арасында  «Бауырсақ пати - 2023»  байқауы өткізілді.Байқау нәтижесінде Бақдәулет Даяна,Бестерекбай Балауса,Бестерекбай Жадыра,Мақсатқызы Айхан,Бақытжан Сезім,Болат Алина,Көшен Еркеназ,Нәдірбек Балым,Әбдіқадыр Жансая,Болат Алина,Көшен Алтынай  мақтау қағаздары мен алғыс хаттармен
Сенбілік
04
наурыз
2023
Сенбілік
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде көктемгі абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық айлығына байланысты сенбілік ұйымдастырылып, сенбілік барысында мектеп маңайына  тазалық жұмыстары жүргізілді.
«Сұлтан Бейбарыстың өмір жолы мен ерліктері»
28
ақпан
2023
«Сұлтан Бейбарыстың өмір жолы мен ерліктері»
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына орай «Сұлтан Бейбарыстың өмір жолы мен ерліктері»   тақырыбында тарих  пәні мұғалімдері Г. Уәлиева мен А. Айдаркулованың ұйымдастыруымен 7-8-9 сыныптар арасында тұлғатану сағаттары болып өтті.
«Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы»
27
ақпан
2023
«Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы»
Әлия  Молдағұлова атындағы орта мектебінде тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес   10  сынып жетекшісі К.Құрманбекова  оқушыларға ата – ана мен бала арасындағы сыйластықты,бір – біріне деген сезімді нығайту,бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы,өз отбасындағы ата – ана тәрбиесі,өнегесі және баланың бас ұстазы ата – ана екенін   түсіндіру  мақсатында «Тәрбиенің ең тамаша мектебі - отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел  өткізді.
«Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын үйлестіру жолдары»
27
ақпан
2023
«Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде құқықтық тәрбие айлығы барысында   8  сынып жетекшісі Б.Бекмағанбетова  оқушыларға құқықтық сауаттылығын арттырып,құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен таныстыру,қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға тәрбиелеу  мақсатында «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын үйлестіру жолдары» тақырыбында сынып сағатын өткізді.