Іс-шаралар » Страница 10 » "Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі" КММ
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шу ауданы білім бөлімінің
«Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727638) 5-4-13
Есепші бөлімі:
+7(727638) 5-40-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қарттар күні
01
қазан
2023
Қарттар күні
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебі 1қазан Қарттар күніне орай мектеп директоры А. Е. Тогузаков пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш. С. Илкибаева ата-әжелерімізді мерекесімен құттықтап қайтты.  Ардақты аталар мен аяулы әжелеріміз аман болсын!
«Қарттарым- асыл қазынам»
28
қыркүйек
2023
«Қарттарым- асыл қазынам»
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде 1 қазан Қарттар күніне орай оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді құрметтеп сыйлай білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу мақсатында «Қарттарым- асыл қазынам» тақырыбында мерекелік кеш өткізілді.  Мектеп директоры Тогузаков Айдос Еркебұланұлы ақ тілегін айтып, қонақтарды мерекесімен құттықтады.  Қарттарымыз аман, аспанымыз ашық болсын!
Қыздар жиналысы
27
қыркүйек
2023
Қыздар жиналысы
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде   27 қыркүйек күні  «Қыз Жібек» клубының жоспарына сәйкес қыздар жиналысы өткізілді.Жиналыста директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.С.Илкибаева қыздардың тәртібі,сабаққа қатысуы,мектеп формасы,жалпы мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстырды.
Тіл -татулық тірегі
15
қыркүйек
2023
Тіл -татулық тірегі
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде Қазақстан халық тілдері күні мерекесіне орай «Тіл – татулық тірегі» тақырыбында 4 – 6 сыныптар арасында мәнерлеп оқу байқауы өткізіліп,нәтижесінде жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Құттықтаймыз!
Қауіпсіз мектеп сауалнама
15
қыркүйек
2023
Қауіпсіз мектеп сауалнама
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде  14 қыркүйек күні Шу АПБ – нің ЖПҚ полиция аға лейтенанты Қ.Ж.Иманбаев 7 – 11 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу,құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Қауіпсіз мектеп» тақырыбында жедел – профилактикалық іс – шарасы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп,бопсалауға байланысты жасырын сауалнама алынды.
Отбасы – бақыт мекені»
14
қыркүйек
2023
Отбасы – бақыт мекені»
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде  Отбасы күні мерекесіне орай отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастарын нығайту,ата – анасын сыйлай білетін азамат тәрбиелеу,отбасы құндылықтарын арттыру мақсатында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыбында мерекелік іс-шара  ұйымдастырылды.Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры А.Е.Тогузаковқа беріліп,ата – аналарды отбасы мерекесімен құттықтап отбасыларына амандық,дендеріне саулық тіледі.Соңында оқушылар ән айтып,би билеп,жыр шумақтарын арнады.Қазақтың әр
Есірткіге жол жоқ
14
қыркүйек
2023
Есірткіге жол жоқ
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде 13 қыркүйек күні Шу АПБ – нің ЖПҚ полиция аға лейтенанты Қ.Ж.Иманбаев 7 – 11 сынып оқушылары арасында жаман әдеттерден аулақ болуға,құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Болашақ есірткісіз!», «Есірткіге жол жоқ!» тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жолда жүру ережесін сақтайық
12
қыркүйек
2023
Жолда жүру ережесін сақтайық
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде  14 қыркүйек күні Шу АПБ – нің ЖПҚ полиция аға лейтенанты Қ.Ж.Иманбаев жолда жүру ережесін есте сақтау,балаларды жол белгілерімен таныстыру мақсатында 1 сынып оқушыларымен «Жолда жүру ережесін сақтайық!» тақырыбында қауіпсіздік ережелерімен таныстырып,түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Тіл-ұлттың жаны
12
қыркүйек
2023
Тіл-ұлттың жаны
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде Қазақстан халық тілдері күні мерекесіне орай жоспар бойынша   жас ұрпақты ана  тілінің қадір – қасиетін түсіне білуге шақыру,ана тілін сүюге,ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу мақсатында 1 – 11 сыныптар арасында «Тіл – ұлттың жаны», «Тіл – тіршілік айнасы», «Тіл – асыл қазынам» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Сурет байқауы
08
қыркүйек
2023
Сурет байқауы
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде 10 қыркүйек  Отбасы күні мерекесіне орай отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу,шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында сурет байқауы ұйымдастырылып,нәтижесінде жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Құттықтаймыз!