25
қазан
2024
«Отаным - баға жетпес байлығым» атты мерекелік кеш
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінде 25 - қазан Республика күніне орай «Отаным - баға жетпес байлығым» атты мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік кеш Мемлекеттік Әнұран айтумен басталып, мектеп директоры А. Е. Тогузаков ұстаздар мен оқушыларды мерекемен құттықтап, ақ тілегін білдіріп, мектептегі қоғамдық жұмысқа белсене қатысқан оқушыларымызды марапаттады. Мерекелік кеш барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, әрбір адамның рухын оятып, күш - жігер беретін нағыз патриоттық әндердің бірі «Атамекен» әнін хормен орындады. Мерейіміз үстем, тұғырымыз биік болсын!






